Hardware Reference Guide HP Thin Client

3 Жабдық өзгерістері
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін:
Тоқпен істейтін және жылжымалы бөлшектері ішінде орналасқан. Корпусты ашу алдында жабдық
қуатын ажыратыңыз.
Ұстаудан бұрын ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Жерге тұйықтап тұрған айнымалы тоқ ашасын істен шығармаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте
маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Айнымалы ток қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы
ток розеткасына қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін, Руководство по безопасной и комфортной работе (Қауіпсіз
және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығын оқыңыз. Ол жұмыс станциясын дұрыс орнатуды сипаттап,
ыңғайлылықты қамтамасыз ететін және жарақат алу қаупін азайтатын дене күйі мен жұмыс
дағдыларының нұсқауларын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол электр және механикалық
қауіпсіздік туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл нұсқаулық http://www.hp.com/ergo веб-
торабында орналасқан.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр қуаты жұқа клиенттің немесе қосымша жабдықтың электр құрамдас
бөлшектерін зақымдауы мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты
ұстап көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Электр статикалық разрядты болдырмау (30-бет) бөлімін қараңыз.
Жұқа клиент АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерінің
зақымдалуын болдырмау үшін жұқа клиентті ашу алдында қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Алынбалы тақтаны алу және орнына салу
Алынбалы тақтаны алу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін немесе
құралдың бүлінуін болдырмау үшін ӘРҚАШАН жұқа клиентті панелін жауып қолданыңыз. Қауіпсіздікті
жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар және анықтамалық ақпарат болуы мүмкін, егер
панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP компаниясы осы жұқа клиентке арнап шығарған
панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, айнымалы ток қуат сымын розеткадан
ажыратыңыз.
Қатынас тақтасын алу:
Ескертулер мен сақтандырулар 17