Hardware Reference Guide HP Thin Client
M.2 жад модулін ауыстыру
Екі M.2 жад модулінің ұяшықтары жұқа клиентте орнатылуы мүмкін:
●
Бір ұяшықта 42 мм, 60 мм немесе 80 мм M.2 негізгі жад модулі орнатылуы мүмкін.
●
Басқа ұяшықта 42 мм M.2 қосымша жад модулі орнатылуы мүмкін.
M.2 жад модулін алып тастау үшін:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (17-бет)
бөлімін қараңыз
8. Жүйелік тақтадағы M.2 ұяшығын табыңыз. Ішкі бөлшектерін табу (21-бет) бөлімін қараңыз.
9. Модульдің соңы көтерілмейінше жад модулін бекітетін бұранданы босатыңыз.
10. Жад модулін ұясынан тартып шығарыңыз.
22 3-тарау Жабдық өзгерістері










