Hardware Reference Guide HP Thin Client
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модулін қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жұқа клиент 
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып 
тұрады. Кернеу бар кезде жад модулін қосу немесе алу нәтижесінде жад модуліне немесе жүйе 
тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге қойыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (17-бет) 
бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің 
салқындауына уақыт беріңіз.
8. Жад модулін жүйелік тақтаға орналастырыңыз. Ішкі бөлшектерін табу (21-бет) бөлімін қараңыз.
9. Жад модулін алып тастау үшін жад модулінің (1) әрбір жағындағы екі сырғытпаны сыртқа қарай 
басыңыз да, жад модулінің сырғытпасын сыртқа қарай айналдырыңыз және ұяшықтан жад 
модулін (2) тартыңыз.
10. Жаңа жад модулі (1) шамамен 30° бұрышқа бұрыңыз, одан кейін жад модудін төмен басып (2), 
сырғытпаларын орындарына түсіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад 
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
11. Қатынас тақтасын орнына салыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (17-бет) бөлімін 
қараңыз.
12. Жұқа клиент тұғырын орнына салыңыз.
28 3-тарау Жабдық өзгерістері










