The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер жауап беруді тоқтатса жəне Windows®
жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы толық ақпарат алу үшін
●
Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Система и
безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) >
Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
●
Windows Vista жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару
тақтасы) > Система и
безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) >
Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын
таңдаңыз
● немесе HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын
қараңыз.
(2)
QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда,
HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашу үшін
осы түймешікті басыңыз.
● Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі
орнатылған болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін
осы түймешікті басыңыз.
● Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса,
əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, осы
нұсқаулықтың «HP QuickWeb» бөлімін жəне HP
QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз. Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық
құралы болмаса, бұл түймешік ешқандай əрекет немесе
функция орындамайды.
(3)
Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ
сымсыз байланыс орнатпайды.
(4)
Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Құпиясөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне
саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
8 Бап 2 Компьютермен танысу