The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

4 HP QuickWeb
Жұмысқа кірісу
HP QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті іс-шараларыңызды қызықты əрі
тартымды етіп өткізу жолын ұсынады. Ашылғаннан кейін компьютер бірнеше секунд ішінде
жұмысқа дайын болып, Интернетке, виджеттерге жəне хабарласу бағдарламаларына жылдам
өтуге мүмкіндік береді. Жай ғана компьютердегі QuickWeb түймешігін басып, Интернетті
шолуды, Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb
бағдарламаларымен танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар
:
Веб-браузерИнтернетті шолу жəне онда мəлімет іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
QuickWeb электрондық поштасывебке негізделген электрондық пошта
провайдерлеріне
немесе жеке пошталық серверіңізге қосылып, электрондық пошта
хабарламаларын оқу жəне жіберу.
Виджеттержаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады.
HP QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
22 Бап 4 HP QuickWeb