The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде Windows
пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия сөзі енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін
емес.
ЕСКЕРІМ: QuickLock бағдарламасын пайдаланбас бұрын, Windows пайдаланушы кілтсөзін
немесе Windows əкімші кілтсөзін орнату керек болады. Нұсқауларды Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) бөлімінен табуға болады.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареянын
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады.
fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта немесе ішкі сандық пернетақта бар. Сондай-ақ,
компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша
сыртқы пернетақтаны қолдайды.
26 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар