The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір параметрлерін қолдану үшін
Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер)
тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Windows Vista
жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Мышь (Тінтуір) пəрменін таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары
жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сызық үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан айналдыру аймағына жайлап сырғыту
айналдыру функциясын белсендірмейді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 29