The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарыңыз.
4. Пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (1) шығарып алыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы
туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 36-бетте
бөлімін қараңыз.
5. Кіру орнының қақпағын алу үшін, оны босату ысырмаларын (2) сырғытыңыз.
6. Кіру орнының қақпағын (3) артқа сырғытып, оны копьютерден (4) алыңыз.
7. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
42 Бап 6 Күтім