The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

5. Бар SoftPaq файлдарының тізімінен қажет файлдарды таңдаңыз, егер көп SoftPaq файлын
жүктеп алу қажет болса, Только загрузить (Тек жүктеп алу) пəрменін таңдаңыз. Себебі
жүктеу үрдісінің ұзақтығы таңдалған SoftPaq файлдарына жəне Интернет қосылысының
жылдамдығына байланысты.
Екі SoftPaq бағдарламалық құрал файлдарының тек біреуін немесе екеуін жүктеу керек
болса, Download & Unpack (Жүктеу жəне ашу) параметрін таңдаңыз.
6. Таңдалған SoftPaq файлдарын компьютерге орнату
үшін, SoftPaq Download Manager
құралында Установить SoftPaq файл (SoftPaq файлын орнату) пəрменін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз.
Компьютерді тазалау
Өнімдерді тазалау
Тазалау іс реті
Өнімдерді тазалау
Ноутбук немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін
төмендегі заттарды пайдаланыңыз:
Ең үлкен концентрациясы 0,3% бензилдиметиламмоний хлориді (мысалы, бір рет
пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықтарды пайдаланыңыз. Бұл майлықтардың
түрлі брендтері бар).
Спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
Жұмсақ сабынды су ерітіндісі
Құрғақ микроталшық тазалағыш мата немесе күдері (майы жоқ электр зарядын
жібермейтін мата)
Электр
зарядын жібермейтін мата майлықтар
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер
ноутбук немесе планшеттік компьютердің бетіне қатты зақым келтіруі мүмкін.
Қағаз сүлгі сияқты талшықты материалдар ноутбук немесе планшеттік компьютерге сызат
келтіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір бөліктері жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Компьютерді тазалау 47