The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды ноутбук немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз
тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
ноутбук немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз:
Ноутбук немесе планшеттік компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ноутбук немесе планшеттік компьютердің бетіне тазарту заттары немесе
сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына
əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір
рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ноутбуктің бетін тазалау кезінде, айналдырып сүртіп ластануды жəне қоқымдарды
кетіріңіз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына
түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
● Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе
бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
●
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Шаңсорғышты қолданбаңыз: ток соғуы немесе құрылғының ішкі
бөлшектері зақымдалуы мүмкін. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық
қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
48 Бап 6 Күтім