The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін «Справка и поддержка»
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін орнатылған оптикалық диск
жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жүйені
қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден
жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін
ең соңғы
сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды
жалғастыру қажет. Жүйені қалпына келтіру дискілері (тек таңдаулы үлгілерде) жүйенің
тұрақсыздығы немесе жүйе ақаулығы жағдайларында компьютерді бастау (қайта бастау) жəне
амалдық жүйені жөндеу үшін қолданылады. Бастапқыда жəне кейін жасалған сақтық
көшірмелер, егер ақаулық орын алса, деректер мен параметрлерді қалпына
келтіру мүмкіндігін
береді.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі
жасап жүріңіз.
Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
көрсетілетін
параметрлеріңізді экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді
қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына
түрлерінің кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
немесе DVD±RW. Қолданылатын диск түрлері компьютерде орнатылған оптикалық диск
жетегінің немесе сыртқы оптикалық диск жетегінің түріне байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер
санын азайту үшін пайдаланады.
Дисктерге сақтық көшірме жасау кезінде, əр дискті компьютердің оптикалық диск жетегіне
салмай тұрып нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
50 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру