The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Windows Vista
Ақпаратыңызды қорғауға сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығын жеке
файлдар мен қалталардың не бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық
көшірмелерін жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін пайдаланыңыз.
Жүйе ақаулығы жағдайында, сақтық көшірме файлдарын компьютер мазмұнын қалпына келтіру
үшін пайдалануға болады.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралының төмендегідей
мүмкіндіктері бар:
●
Жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмелерін жасау
●
Бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
●
Сақтық көшірмелердің автоматты жасалуын жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде)
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
●
Жеке файлдарды қалпына келтіру
●
Компьютерді бұрынғы күйге келтіру
●
Ақпаратты қалпына келтіру құралдары арқылы қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Толық нұсқауларды алу үшін Анықтама жəне қолдау орталығында қажет бөлімді
іздеңіз.
ЕСКЕРІМ: Жүйе тұрақсыздығы жағдайында, НР компаниясы қалпына келтіру процедуралары
туралы ақпаратты басып шығарып, оларды кейін пайдалану мақсатымен сақтауға кеңес береді.
ЕСКЕРІМ: Windows® жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін «Справка и поддержка»
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ең соңғы сақтық көшірме жасау мен жүйе ақаулығынан кейінгі қалпына келтіру бірдей нəтиже
береді. Бастапқы сақтық көшірмені бағдарламалық құрал орнатылғаннан кейін бірден
жасауыңыз тиіс. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы
сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды
жалғастыру қажет.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты
диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды құжаттар қалтасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап
жүріңіз.
●
Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
көрсетілетін параметрлеріңізді экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді
қалпына келтіру
қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
54 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру