The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына
түрлерінің кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер түрі компьютерде орнатылған оптикалық
диск салғыштың түріне байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер
санын азайту үшін пайдаланады.
Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні компьютердің оптикалық диск жетегіне салмай
тұрып нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығының көмегімен сақтық көшірме жасау
үшін:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Центр архивации и восстановления (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Бүкіл компьютеріңіздің (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарыңыздың сақтық
көшірмелерін жасау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіруді орындау
Жүйе ақаулығы немесе тұрақсыздығы туындаған жағдайда файлдарды қалпына келтіру үшін
компьютерде мына құралдар бар:
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдары: Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру орталығы арқылы бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына
келтіре аласыз. Windows жүйесінің дұрыс басталуын болдырмауы мүмкін мəселелерді
шешу үшін Windows жүйесінің басталғанда қалпына келтіру құралын да пайдалана аласыз.
f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескін Windows амалдық жүйесін жəне
зауытта орнатылған бағдарламаларды қамтиды.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу (бастау) жəне бұрын жасалған жүйені қалпына келтіру
дискілерін пайдалану мүмкін болмаса, компьютерді қайта іске қосу жəне амалдық жүйені
қалпына келтіру үшін, Windows Vista® амалдық жүйесі DVD-дискісін сатып алуыңыз тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 57-бетте тарауын қараңыз.
Windows Vista 55