The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Центр архивации и восстановления (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Бүкіл компьютеріңізді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Басталғанда қалпына келтіру құралы арқылы ақпаратыңызды
қалпына келтіру үшін, мына
əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Басталғанда қалпына келтіру құралы пайдаланылған болса, қатты дискідегі
мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Компьютерде жасалған
файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қатты дискіні
қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық
құралдар мен утилиталар сақтық көшірмелерден қалпына келтіріледі.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, Windows жүйесі бөлімінің жəне HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз.
Бөлімдерді табу үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жүйесі бөлімі жəне HP Recovery бөлімі жойылған болса,
амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін жəне
«Драйверді қалпына келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына
келтіруіңіз тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін,
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін
(бөлек сатылады) пайдалану 57-бетте тарауын қараңыз.
3. Компьютерді қайта бастаңыз да, f8 пернесін Windows амалдық жүйесі басталғанша
басыңыз.
4. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпаратты Windows құралдары арқылы қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін, Анықтама жəне қолдау орталығында қажет бөлімді іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 басылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта
пішімделеді. Компьютерде жасалған файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы
мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР
бағдарламаларын қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату
қажет. Жеке файлдар сақтық көшірмеден қалпына келтірілуі тиіс.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерде қатты күйдегі дискі (SSD) орнатылған болса, қалпына келтіру
бөлімі болмауы мүмкін. Қалпына келтіру дискілері бөлімі жоқ компьютерлермен бірге келеді.
Бұл дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына келтіру үшін
пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер
параметрлерін таңдаңыз. Егер бөлім болса, HP қалпына келтіру дискісі терезедегі
қатты диск
жетектерінің тізімі бөлімінде көрсетіледі.
56 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру