The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттерді
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз. Бөлімді табу үшін, Пуск
(Бастау) > Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі жойылған болса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 57-бетте тарауын қараңыз.
3. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранға «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін, F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда, f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық қолдау қызметіне телефон соғу арқылы да DVD дискісіне тапсырыс қоя аласыз.
Байланыс ақпаратын алу үшін, компьютермен қоса қамтамасыз етілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісі пайдаланылған болса, қатты
дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Компьютерде жасалған
файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қатты дискіні
қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық
құралдар мен утилиталар қалпына келтіріледі.
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісі арқылы қалпына келтіруді бастау үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл үрдісті аяқтау үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі басталғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows Vista 57