The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

1 Қош келдіңіз
Ақпаратты табу
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі
параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін,
Желі орнату 18-бетте тарауын
қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартувирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да,
тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпарат алу үшін HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы нұсқауларды
алу үшін
Ақпаратты табу 2-бетте атты бөлімді қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 5-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 24-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қарау үшін қолданылады. Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін
бағдарламалық құралдарды пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін
бағдарламалық құралмен қоса немесе өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі
мүмкін бағдарламалық құралды өндірушінің нұсқауларын
қараңыз.
1