The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Table Of Contents
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер жауап беруді тоқтатса жəне Windows®
жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы толық ақпарат алу үшін
Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Система и
безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) >
Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
Windows Vista амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) >
Панель управления (
Басқару тақтасы) > Система
и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) >
Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын
Немесе HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын
қараңыз.
(2)
QuickWeb түймешігі Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда,
HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі
орнатылған болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін
осы түймешікті басыңыз.
Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса,
əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін,
HP
QuickWeb 24-бетте бөлімін жəне HP QuickWeb
бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық құралы
болмаса, бұл түймешік ешқандай əрекет немесе
функция орындамайды.
(3)
Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе
ажыратады, бірақ сымсыз қосылысты орнатпайды.
(4)
Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Құпиясөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне
саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі 9