The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Компьютермен танысу
- Желі орнату
- HP QuickWeb
- Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Тұтынушыларды қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Индекс

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік функциясын іске қосады. QuickLock мүмкіндігі амалдық жүйенің Вход в
систему (Жүйеге кіру) терезесін экранға шығарып, ақпаратыңызды қорғайды. Вход в систему
(Жүйеге кіру) терезесі көрсетіліп тұрғанда, Windows пайдаланушы құпиясөзі немесе Windows
əкімші құпиясөзі енгізілгенше компьютерге кіруге болмайды.
ЕСКЕРІМ: QuickLock мүмкіндігін пайдаланбас бұрын Windows пайдаланушы құпиясөзі
немесе Windows əкімші құпиясөзін орнатуыңыз тиіс. Ақпарат алу үшін, Анықтама жəне
қолдау
бөлімін қараңыз.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың заряд ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып
тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған заряд мөлшері туралы есеп беріледі.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады.
fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
Пернетақталарды пайдалану
Модельге байланысты, компьютерде енгізілген сандық пернетақта немесе ішкі сандық
пернетақта бар. Сондай-ақ, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық
пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны қолдайды.
28 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар