The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Table Of Contents
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір параметрлерін қолдану үшін
Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын
құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері)
пəрменін таңдаңыз.
Windows Vista жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Мышь (Тінтуір) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары
жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сызық үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан айналдыру аймағына жайлап сырғыту
айналдыру функциясын белсендірмейді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 31