The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Table Of Contents
Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды ноутбук немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз
тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
ноутбук немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз:
Ноутбук немесе планшеттік компьютерді сөндіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ноутбук немесе планшеттік компьютердің бетіне тазарту заттары немесе
сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына
əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, Өнімдерді
тазалау 49-бетте бөлімінде сипатталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ
микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ноутбуктің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына
түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін,
Өнімдерді
тазалау 49-бетте бөлімінде сипатталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған
жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын
зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
50 Бап 6 Күтім