The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Компьютермен танысу
- Желі орнату
- HP QuickWeb
- Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Тұтынушыларды қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Индекс

f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 басылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта
пішімделеді. Компьютерде жасалған файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы
мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР
бағдарламаларын қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату
қажет.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 56-бетте тарауын қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басу) хабары экранда
көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 55