The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Table Of Contents
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісіне тапсырыс қою үшін, http://www.hp.com/support веб-
торабын ашып, қажетті ел немесе аймақты таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық қолдау қызметіне телефон соғу арқылы да DVD дискісіне тапсырыс қоя аласыз.
Байланыс ақпаратын алу үшін, компьютермен қоса қамтамасыз етілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісі пайдаланылған болса, қатты
дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Компьютерде жасалған
файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қатты дискіні
қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық
құралдар мен утилиталар қалпына келтіріледі.
Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісі арқылы қалпына келтіруді бастау үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл үрдісті аяқтау үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі басталғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру»
дискісін салыңыз.
2. Алдымен, аппараттық құралдарды іске қосатын драйверлерді, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
Windows Vista 61