HP ноутбугы үшін пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Арнайы мемлекеттік немесе аймақтық модем кабелі адаптерін қосу ......... 23 Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................ 24 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ................................................................................................... 25 Пернетақтаны пайдалану ................................................................................................................ 26 Пернелер тіркесімдерін анықтау ......................
Ағымдағы қуат басқару параметрлерін қарап шығу жəне өзгерту .............. 42 Ағымдағы қуат басқару параметрлерін өзгерту ............................................ 42 Батарея қуатын пайдалану .............................................................................................................. 43 Қалған батарея зарядын көрсету .................................................................................... 43 Батареяны салу жəне шығарып алу ....................................................
9 Жад модульдері .......................................................................................................................................... 62 10 Қауіпсіздік ................................................................................................................................................... 67 Компьютерді қорғау .......................................................................................................................... 68 Құпия сөздерді пайдалану .................
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді ............................................................................. 87 Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады ..................... 87 Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу .............................................................. 88 Жапсырмалар ................................................................................................................................... 89 Қосымша ə Компьютерді тазалау ............
x
1 Қош келдіңіз Төмендегі бөлім осы тарауда қамтылған: ● Ақпаратты табу Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 15-бетте тарауын қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Жылдам орнату постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті оқу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін басыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі электрондық нұсқаулықтарда табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда басылған НР Шектеулі кепілдігі қорапта ұсынылады.
2 Компьютермен танысу Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: 4 ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Астыңғы жағы Бап 2 Компьютермен танысу
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) 6 Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер тоқтата тұру күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Веб-шолғыш шамы Қосулы: Firefox шолғышын іске қосу. (3) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. (4) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы.
Түймешіктер (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер тоқтата тұру күйінде болғанда, тоқтата тұру күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік 8 Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен немесе esc пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Компьютер пернесі Компьютер мəзірін көрсетеді. (3) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Мəзір пернесі Ашып тұрған бағдарламаның төте мəзірін (тінтуірдің оң жақ түймешігін басқанда ашылатын мəзір сияқты) ашады.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама Диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск немесе оптикалық диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша əдепкі орнына қалпына келтірген. Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● Memory Stick Pro жад картасы ● Memory Stick Duo Pro жад картасы ● MultiMediaCard ● MultiMediaCard Micro ● Қауіпсіз сандық (SD) картасы ● Қауіпсіз сандық (SD) шағын картасы (3) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 мен 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 мен 90%-ға дейін зарядталған. ● Сары түсте жыпылықтау: Жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиі-жиі жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: Батарея толығымен зарядталған.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Модем кабелін қосады. (3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді де, қабылдайды. (3) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбысты жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея мен қызмет көрсету орнының қақпағын босату ысырмалары Батареяны оның орнынан шығарады жəне қызмет көрсету орнының қақпағын ашады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (3) SIM картасының ұясы Сымсыз SIM (Абоненттің анықтау модулі) картасы орналасады (тек таңдаулы үлгілерде). SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан.
Бөлік (4) Сипаттама Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (5) Қатты диск ұясы Қатты диск, сымсыз LAN модулі ұясы жəне жад модулі ұясы орналасады.
3 Желі орнату Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау ● Сымсыз қосылысты жасау ● WLAN құрылғысын пайдалану ● Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Сымды желіге қосылу Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді.
Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау Белгіше Атауы Сипаттама Сымсыз байланыс (қосылған) Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін көрсетеді. Желілік қосылыс (қосылған) Сымды желінің қосылғандығын жəне белсенді болғандығын көрсетеді. Егер сымды да, сымсыз да қосылыстар белсенді болса, жылдамырақ болғандықтан амалдық жүйенің сымды қосылысы қолданылады. Желілік қосылыс (ажыратылған) Сымды жəне сымсыз желілердің қосылмағандығын көрсетеді.
Сымсыз қосылысты жасау Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы ● Bluetooth® құрылғысы Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз байланыс түймешігін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз.
WLAN құрылғысын пайдалану Сымсыз байланыс арқылы компьютер Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосылады. WLAN сымсыз жол жоспарлағышы немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланысқан басқа компьютерлер мен керек-жарақтардан тұрады. Бар WLAN желісіне қосылу 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің жəне сымсыз байланыс шамының орналасқан орындары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 2.
ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз. ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз. Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді. ● Компьютерлер ● Телефондар ● Аудио құрылғылар Компьютер мен сымсыз құрылғылар арасында деректер беруді қадамдастыру Bluetooth қуаты болып табылады.
Сымды желіге қосылу Модемді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Модем аналогтық телефон сымына 6-істікше, RJ-11 модем кабелі (бөлек сатылады) арқылы қосылған болуы қажет. Кейбір елдерде немесе аймақтарда арнауы модем кабелінің адаптері де талап етіледі. Сандық PBX жүйелеріне арналған ұялар аналогтық телефон ұяларына сəйкес келеді, бірақ олар модемге сəйкес келмейді.
Арнайы мемлекеттік немесе аймақтық модем кабелі адаптерін қосу Телефон ұялары мемлекет немесе аймаққа байланысты əртүрлі болады. Компьютер сатып алынған мемлекет немесе аймақ сыртында модем жəне модем кабелін пайдалану үшін, арнайы мемлекеттік немесе аймақтық модем кабелі адаптерін сатып алу қажет. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон сымына жалғау үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Модем кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді. Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз. Желілік кабельді жалғау үшін 1. Желілік кабельді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің басқа ұшын қабырғадағы желі ұясына (2) жалғаңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Пернетақтаны пайдалану ● Сенсорлы тақтаны пайдалану 25
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне fn пернесі (1) мен функциялық пернелер біреуінің (2) тіркесімі болып табылады. Жылдам пернені пайдалану үшін ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі fn+f1 Сипаттама Тоқтата тұру күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f4 Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады. ● Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сызық үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдарды қосу жəне ажырату үшін 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
5 Мультимедиа Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Мультимедиа ойнатылымын басқару пернелерін пайдалану ● Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану ● Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Бейне құрылғыларын пайдалану Компьютерде төмендегідей бөліктер болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері 33
Мультимедиа ойнатылымын басқару пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ЕСКЕРІМ: Компьютерде бар медиа белсенділігін басқару элементтері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте бөлімдерінен қараңы
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейін реттеу түймешіктері ● Дыбыс деңгейін реттеу жылдам пернелері ● Дыбыс деңгейін реттеу пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан. Алдын ала орнатылған Cheese бағдарламалық құралы арқылы веб-камераны фотосуреттер түсіру немесе бейне жазу үшін пайдалануға болады. Фотосуреттерді қарап шығуға жəне сақтауға немесе бейне жазуға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне құрылғыларын пайдалану Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін: ● VGA ● HDMI VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге қосылған дисплей құрылғыларының арасында кескінді ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғап, қосымша ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге қосылған дисплей құрылғыларының арасында кескінді ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз.
6 Қуатты басқару Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Компьютердің жұмысын аяқтау ● Қуат параметрлерін орнату ● Батарея қуатын пайдалану ● Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 39
Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Тоқтата тұру күйі жəне күту күйі. Тоқтата тұру күйі қосылғанда, қуат шамы жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда тоқтата тұру күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін тоқтата тұру күйінде болғанда немесе тоқтата тұру күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталғындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту күйін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Ожидание (Күту) пəрмендерін таңдаңыз. ● Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Ожидание (Күту) пəрменін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы айнымалы ток көзіне жалғанған кезде, компьютер электр қуатында жұмыс істейді. Компьютерде зарядталған батарея болса жəне айнымалы ток адаптері арқылы берілген сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда, компьютер батарея қуатын қосады.
▲ батареяны (1) ұясына салып, төменге қарай еңкейтіп (2) кіргізіңіз. Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін 44 1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз. 2. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, ұясынан (3) шығарып алыңыз.
Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер айнымалы ток, қосымша қуат адаптер немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) параметрін қолдану арқылы өзгертуге болады. Управление питанием (Қуатты басқару) арқылы орнатылған таңдаулы параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Батарея қуатын үнемдеу ● Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем қолданбаларынан шығыңыз. ● Сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланылмайтын кез келген медиа карталарын тоқтатыңыз, ажыратыңыз немесе жойыңыз. ● Жарықтық деңгейін азайту ● Компьютер пайдаланылмаған кезде тоқтата тұру не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпарат алу үшін компьютер қорабының ішінде жеткізілетін Жылдам орнату постерін қараңыз. Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Компьютерді айнымалы ток адаптеріне қосып, оны айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамы жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс жұмыс істейді. ● Егер қуат шамы өшіріліп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне ауыстыру қажет. Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін техникалық қолдау орталығымен байланысыңыз.
7 Диск жетектері Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: 50 ● Дискілерді ұстау ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту Бап 7 Диск жетектері
Дискілерді ұстау Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, тоқтата тұру күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы, тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
8. Қатты дискіні (3) қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз. Қатты дискіні орнату 1. Қатты дискіні қатты диск ұясына (1) салыңыз.
2. Қатты дискінің төрт бұрандасын (2) орындарына салып, диск қосқышын жүйелік тақтаға (3) қосыңыз. 3. Қызмет көрсету орнының қақпағындағы ілгектерді компьютердегі кетіктермен (1) туралаңыз жəне қақпақты жабу үшін оны (2) сырғытыңыз. Босату ысырмалары қызмет көрсету орнының қақпағын орнына автоматты түрде орналастырады (3).
4. Қызмет көрсету орны қақпағының бұрандасын (4) орнына салыңыз. 5. Батареяны орнына салыңыз. 6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. 8. Қатты диск орнатылғаннан кейін оны пішімдеу қажет. Қатты дискіні пішімдеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: 56 ● Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● USB құрылғысын пайдалану ● Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. Сандық картаны шығарып алу үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Құрылғылар жүйеге жалғануы мүмкін. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Компьютерде USB 1.0 жəне USB 2.
USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз. USB құрылғысын ажырату үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Қажетті бағдарламалық құрал жəне драйверлер туралы қосымша ақпарат алу немесе пайдалану қажет компьютер порты туралы қосымша ақпарат алу үшін, өндірушінің нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
9 Жад модульдері Компьютердің жад модулінің бөлімі оның астыңғы жағында орналасады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін. Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
6. Қызмет көрсету орнының қақпағын кері (3) сырғытып, көтеріп, компьютерден (4) алыңыз. ЕСКЕРІМ: Қақпақ алынған немесе қақпақты алғаннан кейін қызмет көрсету орны қақпағының бұрандасы өз орнына салынбаған жағдайда оны қауіпсіз сақтау үшін, бұранданы қауіпсіздік ұясына (5) салуға болады. 7. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің жиектерінен (2) ұстап, оны ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз. 64 а. Жад модулінің ойықтары бар шетін (1) жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз. ə.
б. 9. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін қысып, жад модулін (3) басыңыз. Қызмет көрсету орнының қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктермен (1) туралаңыз жəне қақпақты жабу үшін оны сырғытыңыз (2). Босату ысырмалары қызмет көрсету орнының қақпағын орнына автоматты түрде орналастырады (3).
10. Қызмет көрсету орны қақпағының бұрандасын (4) орнына салыңыз. 11. Батареяны орнына салыңыз. 12. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 13. Компьютерді қосыңыз.
10 Қауіпсіздік Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Компьютерді қорғау ● Құпия сөздерді пайдалану ● Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ● Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату 67
Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөзді амалдық жүйеде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасында орнатуға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін əр құпия сөзді жазып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Computer Setup құпия сөздері Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз* ● Компьютер мазмұнына кіруді қорғайды. ● Осы құпиясөз орнатылғаннан кейін, компьютерді қосқан не өшірілген немесе күту күйінен шыққан сайын оны енгізу қажет. ЕСКЕРТУ: Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу жəне күту күйінен шығу мүмкін болмайды. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын құпия сөздің орнына пайдалануға болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Пуск (Бастау) мəзірі экранға шығарылғаннан кейін f10 пернесін басыңыз. 2.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі арнаулы қалпына келтіру бөлімінен жұмыс жасайды. Бұл қалпына келтіру түрі арқылы компьютер қалпына келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі. ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды да, қатты дискіні қайта пішімдейді.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қатамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың сақтық көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады.
5. Точка восстановления (Қалпына келтіру нүктесі) пəрменінен сақтық көшірме жасау уақыты мен күнін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Егер бірнеше сақтық көшірме жасалған болса, ең соңғы нұсқаны қалпына келтіру үшін Использовать последнюю версию (Ең соңғы нұсқаны пайдалану) түймешігін басыңыз. 6. Файлдарды қалпына келтіруді бастау үшін Восстановить түймешігін басыңыз немесе əрекетті болдырмау үшін Отмена (Болдырмау) түймешігін басыңыз.
12 Computer Setup Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған сыртқы құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, мұқият болыңыз.
Computer Setup пайдалану Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup утилитасында параметрлердің барлығын зауыттық күйіне келтіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2.
3. Computer Setup (Компьютерді орнату) бағдарламасынан шығу үшін, кері көрсеткіні нұқып жəне көрсеткі пернелерді басу арқылы File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай шығу) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Өзгертулерді сақтамай шығу пəрменін таңдағаныңызды құптау туралы хабарлама экранға шыққанда Yes (Иə) түймешігін басып, компьютерді өшіріп, қайта бастаңыз.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: 82 ● Ақаулықтарды жою ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Қосымша а Ақаулықтарды жою жəне қолдау
Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс-əрекеті салдарынан сақталмаған ақпарат жоғалады. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз. Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді Компьютер пайдалану кезінде аз ғана жылы болады, бұл қалыпты құбылыс. Бірақ егер компьютер əдеттен тыс қызып кетсе, желдеткіш саңылауы бітелгендіктен компьютер қызып кетуі мүмкін.
● DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар жанғанына көз жеткізіңіз. ● Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз. ● Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз, одан кейін қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару үшін ашылмайды 1.
3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4. Оптикалық дискіңіз табылғанша құрылғылардың қасындағы бұрышты нұқыңыз. Егер диск тізімде көрсетілсе, ол дұрыс жұмыс жасауы тиіс. Диск ойнатылмайды ● Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық ашық болған бағдарламаларды жабыңыз. ● Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютер дисплейі жəне сыртқы дисплей де екеуі бірдей қосылған болса, 2 дисплей арасында ауысу үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, НР компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін, беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html торабына кіріңіз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы—мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (ө/н) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
ə Компьютерді тазалау ● 90 Тазалау заттары Қосымша ə Компьютерді тазалау
Тазалау заттары Ноутбукті немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
б Техникалық сипаттамасы Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: 92 ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Қосымша б Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 37 Айнымалы ток адаптерінің шамы 10 ақаулықтарды жою дискіге жазу 87 дискіні ойнату 86 оптикалық диск салғыш 85 оптикалық дискіні анықтау 85 сыртқы дисплей 87 амалдық жүйе 40 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 69 аудио кіріс (микрофон) ұясы 9 аудио мүмкіндіктері 34 аудио функциялары, тексеру 35 аудио функцияларын тексеру 35 аудио шығыс (гарнитура) ұясы 9 Ə əкімші құпия сөзі басқару 70 енгізу 70 жасау 70 əкімші құпия сөзін басқару 70 əкімші құпия сөзін ен
сериялық нөмір 89 сымсыз куəлік 89 жауапсыз жүйе 40 желдеткіштер, анықтау 11, 14 желіаралық қалқан 20 желілік кабель 24 кедергіні азайту 24 қосылу 24 желілік қосылыс белгішелері 17 жергілікті желі (LAN) кабельді қосу 24 қажетті кабель 24 жұмыс ортасы 94 жылдам пернелер аудио ықшам диск, DVD немесе BD дискілерін басқару құралдары 27 батарея заряды 27 дыбысты реттеу 27 пайдалану 26 сипаттама 26 Тоқтата тұру 26 үндеткіш дыбысын өшіру 27 экран жарықтығын азайту 26 экран жарықтығын арттыру 26 экран кескінін ауыс
сандық карта ажырату 58 анықталған 57 салу 57 тоқтату 58 Сенсорлы тақта пайдалану 30 таңдаулы параметрлерді орнату 32 түймешіктер 5 Сенсорлы тақта, анықтау 5 Сенсорлы тақта қимылдары жылжу 32 масштабтау 32 шымшу 32 Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі 5 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 32 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 32 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 32 сериялық нөмір, компьютер 89 сымсыз антенналар, анықтау 12 сымсыз байланыс белгішесі 17 сымсыз байланыс түймешігі пайдалану 18 сымсыз байланыс түймеші
U USB кабелі, қосу 59 USB концентраторлары 59 USB құрылғылары ажырату 60 қосылу 59 сипаттама 59 USB порттары, анықтау 10, 11, 59 V VGA порты, қосу 37 W WLAN антенналары, анықтау 12 WLAN жапсырмасы 89 WLAN желісіне қосылу 19 WLAN жүйесін орнату 19 WLAN құрылғысы 89 WWAN антенналары, анықтау 12 Индекс 99