Жұмысты бастау HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft, Windows жəне Windows Vista —Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD логотипі —өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Дисплейді бұру ................................................................................................................................. 24 Панельдің автоматты бұрылу басымдықтарын орнату ................................................ 26 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 26 Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату ............................................. 26 Меңзеу таяқшасын қолдану .........
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ................................................. 55 Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ........................................................................................................ 55 Windows Vista .................................................................................................................................... 56 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау .........................................................
viii
1 Қош келдіңіз ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 17-бетте тарауын қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы ● Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс жасау салттары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) жолын таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > HP Documentation (HP құжаттамасы) тармағын таңдаңыз.
2 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жақ көрінісі ● Сол жақ көрінісі ● Дисплей ● Артқы көрінісі ● Астыңғы жағы Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Сол жақ меңзегіш түймешігі Тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты істейді.
Бөлік Сипаттама (3) Сенсорлы тақта Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты істейді. (5) Оң жақ меңзегіш түймешігі Тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты істейді. (6) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock жарығы Қосулы: Caps lock қосулы.
Бөлік (7) (8) (9) 6 Сипаттама Жетек жарығы Батарея жарығы Қуат жарығы Бап 2 Компьютермен танысу ● Ақ: қатты диск немесе оптикалық диск жетегі қолданылып жатыр. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша əдепкі орнына қалпына келтірген. ● Ақ: батарея заряды толуға жақындады. ● Сары: жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяның заряды төменгі деңгейге жетті. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде батарея жарығы жиі-жиі жыпылықтай бастайды.
Түймешіктер Бөлік Сипаттама (1) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (2) Дыбыс деңгейін азайту түймешігі Компьютердің дыбыс деңгейін төмендетеді. (3) Дыбыс деңгейін арттыру түймешігі Компьютердің дыбыс деңгейін арттырады.
Пернелер Бөлік 8 Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функция пернесімен, num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің «Пуск» (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Windows қолданбаларының пернесі Меңзердің астындағы элементтер үшін төте жол мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Веб-камера жарығы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (2) Сыртқы WWAN антеннасының түймешігі Сыртқы сымсыз ғаламдық желі (WWAN) антеннасын ашады. (3) Сыртқы WWAN антеннасы Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (4) Қуат қосқышы ● Компьютер өшіп тұрғанда, компьютерді қосу үшін, қуат қосқышын оңға қарай сырғытыңыз.
Оң жақ көрінісі Бөлік Сипаттама (1) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді. (2) QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті басыңыз. ● Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі орнатылған болса, əдепкі веб-браузерді ашу үшін осы түймешікті басыңыз.
Бөлік Сипаттама (6) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Модемнің кабелін қосады. (7) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандыру құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерді дұрыс пайдаланбаудан немесе оның ұрлануынан қорғамайды.
Бөлік Сипаттама (7) 1394 порты Камкордер сияқты қосымша IEEE 1394 немесе 1394a құрылғысын жалғайды. (8) USB зарядтау порты Токқа қосылатын USB портымен бірге пайдаланылғанда, қосымша сыртқы MultiBay сияқты USB құрылғысына ток жеткізеді. Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды.
Бөлік Сипаттама (6) Сенсорлы экран Саусақтардың немесе сандық көрсеткіш қаламсабының көмегімен белгілі əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. (7) Сыртқы жарық сенсоры Қоршаған ортаның жарығына қарай дисплей жарықтығын реттейді. (8) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Артқы көрінісі Бөлік (1) Сипаттама Дөңгелек қосқыш Планшеттік режимде стандартты пернетақтадағы enter пернесі сияқты функциялар, сондай-ақ жоғары жəне төмен көрсеткілер. ● Пəрменді енгізу үшін ішке қарай басыңыз. ● Жоғары жылжу үшін жоғары айналдырыңыз. ● Төмен жылжу үшін төмен айналдырыңыз. (2) esc түймешігі Планшеттік күйде болғанда, қолданбадан шығуға немесе оны жабуға мүмкіндік береді. (3) Айналдыру түймешігі Планшеттік режимде суретті альбомдық немесе кітаптық пішімде көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) SIM картасының ұясы Абонентті анықтаудың сымсыз модулін (SIM) қолдайды. SIM ұясы батарея бөлімінде орналасқан. (3) Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
3 HP QuickWeb ● HP QuickWeb бағдарламасын қосу QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды орындау жолын ұсынады. QuickWeb бағдарламалық құралы ашылған кезде, компьютер Интернетке, виджеттерге жəне хабарласу бағдарламаларына жылдам өтуге мүмкіндік беретіндей бірнеше секунд ішінде жұмысқа дайын болады. Компьютердегі QuickWeb түймешігін басып қалып, Интернетті шолыңыз, Skype бағдарламасы арқылы хабарласыңыз жəне басқа HP QuickWeb бағдарламаларымен танысыңыз.
4 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 19-бетте бөлімін қараңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар: ● Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар)—бұл утилита жаңа Интернет жазбасын жасауға жəне бар жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Online Services (Желідегі қызметтер) > Интернет тармағын таңдаңыз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 4. Қажетті желіні таңдаңыз. 5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз. 6. Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесі жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдарды да қамтамасыз етеді.
5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Дисплейді бұру ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ● Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне — fn пернесінің (1) жəне esc пернесінің (2) немесе функциялық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. Жылдам пернені пайдалану үшін ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Ақпаратты жүйеде сақтайтын ұйқы күйін қосады. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін жылдам сырғытыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, күту режимін қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту күйіне өтеді, ал ақпарат қатты дискке сақталады. fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады.
Кірістірілген сан пернелерінің панелін пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда кірістірілген сан пернелерінің панелін қосады немесе өшіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда, кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді. (2) Кірістірілген сан пернелерінің панелі Қосылғанда, пернелер панелін сыртқы сан пернелерінің панелі ретінде қолдануға болады.
Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу жəне өшіру Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін басыңыз. Пернелер панелін өшіру үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін қайтадан басыңыз. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда, кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
2. Дисплейді сағат тілімен 180 градус бұрыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдалу қаупі бар болғандықтан, дисплейді 180 градустан асырып бұрмаңыз. 3. Дисплейді пернетақтаның үстіне түсіріңіз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдалу қаупі бар болғандықтан, оны планшеттік режимде тасымалдамаңыз.
Панельдің автоматты бұрылу басымдықтарын орнату Панельдің автоматты бұрылу мүмкіндігінің параметрлерін қалау бойынша реттеу үшін, Windows амалдық жүйесінде «Tablet Screen Rotation» (Планшеттік компьютердің экранын бұру) параметрін пайдаланыңыз. Бұл, планшеттік режимде жұмыс істегенде, компьютер экранын альбомдық жəне портреттік етіп автоматты түрде немесе қолмен бұруға мүмкіндік береді. Панельдің автоматты бұрылу мүмкіндігін қосу: 1.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны қосу немесе өшіру үшін, fn+f5 жылдам пернесін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қосулы болғанда, сенсорлы тақта шамы сөніп тұрады. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру: 1.
4. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың қасындағы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз. 5. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қаламды ұстау əдісі Қаламды қалыпты қалам немесе қарындашпен жазғандай ұстаңыз.
Қаламды сақтау Қолданбағанда қаламды сақтау үшін алдымен ұшын салып, қаламды компьютердегі ұстағышына кіргізіңіз. Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы экранда саусақтарды немесе планшеттік қаламды қолдануға болады. Сенсорлы экрандағы қимылдарды өзгерту: ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Перо и сенсорный ввод (Қалам жəне түрту) тармағын таңдаңыз.
Сызу Экрандар арасында жылжу үшін немесе құжаттарды жылдам қарап шығу үшін, экранды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай саусақпен жеңіл əрі жылдам сызып өтіңіз. ЕСКЕРІМ: Сызу қимылы істеуі үшін, белсенді терезеде жылжыту жолағы болуы тиіс. Сүйреу Саусақпен экрандағы элементті басып, басқа жерге сүйреп апарыңыз. Құжаттарды баяу қарап шығу үшін де осы əрекетті қолдануға болады.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін, екі саусақты экранның үстіне бөлек қойып, экранда жоғары, төмен, солға немесе оңға сүйреңіз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Айналдыру Бұру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. Бұру үшін, бас бармақты экранға қойып, сұқ саусақты бас бармақ айналасында жарты шеңбер жасай жылжытыңыз.
Қысу/Ұлғайту Шымшу мүмкіндігі элементті ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ұлғайту үшін, екі саусақты экранда бірге ұстап тұрып, арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранда бір-бірінен алшақ ұстап тұрып, жақындатыңыз. Сенсорлы экран таңдауларын орнату ▲ Таңдаулы параметрлерді орнату үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Перо и сенсорный ввод (Қалам жəне түрту) тармағын таңдаңыз.
36 3. Тағайындалған сызу параметрлерін өзгерту немесе жасау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. OK түймешігін басыңыз.
6 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискті ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: ▲ Батареяны орнына түскенше батарея орнына салып (1), бекітілгенше төмен қарай басыңыз (2).
2. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз. Қатты дискті ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің бұзылуын болдырмау үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз.
5. Қатты дисктің қақпағын шешіңіз (2). 6. Қатты диск қақпағындағы 2 бұранданы бұрап босатыңыз (1). 7. Қатты дискті ажырату үшін, оның тілін солға қарай тартыңыз (2). 8. Қатты дискті қатты диск орнынан жоғары көтеріп шығарыңыз (3). Қатты дискті орнату 1. Қатты дискті диск салатын жерге енгізіңіз (1). 2. Орнына сырт етіп бекітілгенше, қатты диск тілін оңға қарай тартыңыз (2).
40 3. Қатты диск қақпағындағы 2 бұранданы бұрап бекітіңіз (3). 4. Қатты диск қақпағындағы тілдерді компьютердегі ойықтарға келтіріңіз (1). 5. Қақпақты жабыңыз (2). 6. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз. 7. Батареяны орнына салыңыз. 8. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, оған сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 9. Компьютерді қосыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру Компьютерде жад модулінің екі бөлімі бар. Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу немесе басты жад модулі ұясындағы жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
42 6. Компьютердің астыңғы жағындағы 2 резеңке қалпақша (1) мен 5 пернетақта бұрандасын (2) шешіп алыңыз. 7. Жіңішке, тегіс құралды пайдаланып пернетақтаны айналасындағы тілдерді босатып (1), пернетақтаны пернелердің жəне меңзегіштің буындасу қосқыштары көрінетін бұрышта көтеріңіз (2). 8. Меңзегіштің буындасу қосқышын жоғары көтеріп (1), ондағы кабельді шығарыңыз (2). 9. Пернетақтаның буындасу қосқышын жоғары көтеріп (3), ондағы кабельді шығарыңыз (4).
10. Пернетақтаны компьютерден шешіп алыңыз (5). 11. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 12. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 44 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулін бүкпеңіз — зақымдалуы мүмкін. 13. Кабельді буындасу қосқышына жалғау жəне қосқышты төмен басу (2) арқылы пернетақта кабелін қайта жалғаңыз (1). 14. Кабельді буындасу қосқышына жалғау жəне қосқышты төмен басу (4) арқылы меңзегіш кабелін қайта жалғаңыз (3).
15. Пернетақтадағы тілдерді компьютердегі ойықтарға келтіріп (1), пернетақтаны орнына салыңыз (2). 16. Компьютердің астыңғы жағындағы 5 пернетақта бұрандасын (1) жəне 2 резеңке қалпақшаны (2) орнына салыңыз. 17. Қатты диск қақпағындағы тілдерді компьютердегі ойықтарға келтіріңіз (1). 18. Қақпақты жабыңыз (2).
19. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды бұрап бекітіңіз (3). 20. Батареяны орнына салыңыз. 21. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, оған сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 22. Компьютерді қосыңыз. Қосымша жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің бұзылуын болдырмау үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз. Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын, компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
5. Қатты дисктің қақпағын шешіңіз (2). 6. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бір жағы жоғары көтеріледі. ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануына жол бермеу үшін, оны тек шеттерінен ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге қолыңызды тигізбеңіз.
7. Жаңа жад модулін салу: ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануына жол бермеу үшін, оны тек шеттерінен ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге қолыңызды тигізбеңіз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді басып жад модулінің ұясына түсіріңіз (2). б. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін қысып, жад модулін басыңыз (3).
11. Батареяны орнына салыңыз. 12. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, оған сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 13. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Windows 7 ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ● Жүйені қалпына келтіру Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows сақтық көшірме жасау жəн
сондай-ақ бағдарламалық құралды орнатып болған соң бірден əдепкі сақтық көшірмені жасау керек. Жаңа бағдарламалық құрал мен деректік файлдарды қосқанда, сақтық көшірменің соңғы нұсқасы болу үшін, жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Жүйе тұрақсыздығы жəне ақаулық орын алғанда, жүйені жөндеу дискілері компьютерді қосуға (жүктеуге) жəне амалдық жүйені жөндеуге мүмкіндік береді.
Жүйені қалпына келтіру Жүйе ақаулығы немесе тұрақсыздығы орын алған жағдайда, компьютер файлдарды қалпына келтірудің келесі құралдарын ұсынады: ● Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдары. Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін, Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалануға болады. Сондай-ақ, Windows жүйесінің дұрыс қосылуына кедергі жасауы мүмкін ақаулықтарды жою үшін, Windows жүйесінің жүктеуді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалануға болады.
4. Startup Repair (Жүктеуді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Ақпаратты Windows құралдарының көмегімен қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау бөлімінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады.
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минут созылуы мүмкін. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралған кезде, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз. 7.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дисктерде жасауға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде келесі жағдайларды ескеріңіз: ● Жеке файлдарды құжаттар қалтасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталған үлгілердің сақтық көшірмесін жасаңыз. ● Терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында көрсетілетін қалау бойынша реттелген параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін, келесі əрекетті орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет көрсету) > Backup and Restore Center (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығы) тармағын таңдаңыз. 2. Компьютерді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарды толығымен қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қатты диск виртуалды бейнесін f11 пернесі арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Бөлімді табу үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын таңдаңыз.
8 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмірінің жапсырмасы — маңызды ақпарат береді, оның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірінің жапсырмасы компьютердің астында орналасады.
9 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Ауыспалы ток қуат көзі 100–240 В, 50–60 Гц болуы керек.
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 порты, анықтау 12 А Айналдыру түймешігі анықтау 14 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 61 Өнім кілті 61 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 10 Б батарея, ауыстыру 37 батарея жарығы 6 Батарея қосқышы анықтау 15 Батарея қосқышының есігі анықтау 15 батареяны шығару ысырмасы 15 батарея ұясы 15, 61 бөліктер алдыңғы жағы 9 артқы 14 астыңғы 15 дисплей 12 жоғарғы жағы 4 оң жақ 10 сол жақ 11 В веб-камера 12 веб-камера
Қ қалам анықтау 30 пайдалану 31 сақтау 32 қалам түймешігі 30 қалам ұстағыш анықтау 11 қалам ұстағышы 32 қалпына келтіру бөлімі 55, 58 қатты диск орнату 39 шығарып алу 38 қатты диск орны, анықтау 15 қатты дискті қалпына келтіру 55, 58 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 11 Қондыру қосқышы анықтау 15 қосымша жад модулі ауыстыру 47 қуат жарықтары 6 қуат ұясы, анықтау 14 М меңзегіш 4 меңзегіш құрылғы, параметрлерді орнату 26 меңзегіш түймешіктері 4 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 10 Мультимедиалық карталар
Т төменгі дыбыс деңгейінің жарығы 5 тұтынылатын қуат 62 түймешіктер дыбыс деңгейін арттыру 7 дыбысты өшіру 7 меңзегіш 4 Сенсорлы тақтаның оң жағы 5 Сенсорлы тақтаның сол жағы 5 төменгі дыбыс деңгейі 7 Түпнұсқалық туралы куəліктің жапсырмасы 61 түртулер параметрлерді өзгерту 35 тексеру 35 тінтуір, сыртқы таңдаулы параметрлерді орнату 26 Ұ ұя, қуат 14 ұялар RJ-11 (модем) 11 RJ-45 (желі) 14 аудио кіріс (микрофон) 10 аудио шығыс (гарнитура) 10 желі 14 қауіпсіздік кабелі 11 Ү үндеткіштер, анықтау 9 Ш шамдар ды