Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Оң жақ көрінісі
Бөлік Сипаттама
(1) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне
саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
(2) QuickWeb түймешігі
●
Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда,
HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
● Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі
орнатылған болса, əдепкі веб-браузерді ашу үшін
осы түймешікті басыңыз.
● Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса,
əдепкі веб-браузерді ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, осы
нұсқаулықтың «HP QuickWeb» бөлімін жəне
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз. Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық
құралы болмаса, бұл түймешік ешқандай əрекет
немесе функция орындамайды.
(3)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды тақпас бұрын
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған
орта
ескертулері нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосулы болғанда, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Микрофон функциясын пайдалану үшін,
микрофоны жəне 4 түйіспелі аудио ұшы бар гарнитура
керек.
(4) Смарт-карталарды Қосымша смарт-карталарға жəне «Java™ Cards»
карталарына қолдау көрсетеді.
(5)
USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады.
10 Бап 2 Компьютермен танысу










