Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7

Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі
немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесі жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдарды да
қамтамасыз етеді. Желі параметрлерін орнату мақсатында Windows құралдарын пайдалану:
Windows 7 амалдық жүйесіндеПуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет)
> Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы) > Установить новое
соединение или сеть (Жаңа байланыс немесе желі орнату) > Set up a network (Желі
орнату) тармағын таңдаңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows Vista амалдық жүйесіндеПуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет)
> Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы) > Установка
подключения или сети (Байланыс немесе желі орнату) > Настройка беспроводных
маршрутизаторов и точек доступа (Сымсыз жол жоспарлағыш немесе қатынау нүктесін
орнату) тармағын таңдаңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа сымсыз компьютеріңізді бастапқыда жол жоспарлағышына бірге берілген
желілік кабель арқылы қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан кейін
кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан
қараңыз.
20 Бап 4 Желі орнату