Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Ақпаратты жүйеде сақтайтын ұйқы күйін қосады. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді,
ал қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін жылдам сырғытыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, күту режимін қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе,
компьютер күту күйіне өтеді, ал
ақпарат қатты дискке сақталады.
fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 жылдам пернесімен
ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады. Барлық Windows амалдық жүйе
терезелерінде ұйқы түймешігіне сілтемелер fn+f3 жылдам пернесіне қатысты болады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді
де ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 Сенсорлы тақтаны қосады/өшіреді.
fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареянын
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін көтереді.
fn+f11 Сыртқы жарық сенсорын қосады жəне ажыратады. Қосулы болғанда, сыртқы жарық сенсоры
қоршаған ортаның жарығына қарай дисплей жарықтығын автоматты түрде реттейді.
Сандық пернетақталарды пайдалану
Компьютерде не кірістірілген сан пернелерінің панелі, не біріктірілген сан пернелерінің панелі
бар. Сондай-ақ, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық
пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны қолдайды.
22 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










