Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7

Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу жəне өшіру
Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін басыңыз.
Пернелер панелін өшіру үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін қайтадан басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда,
кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
Кірістірілген сан пернелерінің панеліндегі перне функцияларын ауыстыру
Кірістірілген сан пернелерінің панеліндегі пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары мен сан пернелерінің панелі функциялары арасында уақытша ауыстыруға
болады.
Пернетақта өшіп тұрғанда, пернетақта пернесінің санды функциясын қолдану үшін,
пернетақта пернесін басып тұрып, fn пернесін басып тұрыңыз.
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
Кіші
əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Дисплейді бұру
Компьютерді планшеттік режимде пайдалану үшін:
1. Дисплейді ашыңыз.
24 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар