Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Панельдің автоматты бұрылу басымдықтарын орнату
Панельдің автоматты бұрылу мүмкіндігінің параметрлерін қалау бойынша реттеу үшін, Windows
амалдық жүйесінде «Tablet Screen Rotation» (Планшеттік компьютердің экранын бұру)
параметрін пайдаланыңыз. Бұл, планшеттік режимде жұмыс істегенде, компьютер экранын
альбомдық жəне портреттік етіп автоматты түрде немесе қолмен бұруға мүмкіндік береді.
Панельдің автоматты бұрылу мүмкіндігін қосу:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Tablet Screen Rotation
(Планшеттік компьютердің
экранын бұру) тармағын таңдаңыз.
2. Automatically rotate screen using accelerometer (Экранның бұрылу датчигі арқылы
экранды автоматты түрде бұру) параметрін таңдаңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерге сыртқы монитор қосылған жағдайда, панельдің автоматты бұрылу
мүмкіндігі ажыратылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларға арналған параметрлерді қалау бойынша реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
сипаттарын қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарын көру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
Windows 7 амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармағын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Настройки
мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Windows Vista амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Mouse (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары
жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сызық үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусағыңызды жай сенсорлы тақтаның жылжу аймағына сырғыту арқылы
жылжыту функциясы іске қосылмайды.
26 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










