Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Жылжу
Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды
сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады.
Шымшу/масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Шымшу/масштабтау мүмкіндігі зауытта қосылады.
Планшеттік қаламды қолдану
Планшеттік компьютердің енгізу тақтасы сияқты қаламның қолдануына арналған
бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында жəне Windows жүйесінің
көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның көмегімен жазуға болады.
Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге жəне бағдарламалар арасында
ортақтасуға болады.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау
Қаламның ұшы (1) немесе өшіргіш (3) экранға тигізілгенде, қалам компьютермен əрекеттеседі.
Қалам түймешігі (2) сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі қызметін атқарады.
30 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










