Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Қаламды сақтау
Қолданбағанда қаламды сақтау үшін алдымен ұшын салып, қаламды компьютердегі
ұстағышына кіргізіңіз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану
Сенсорлы экранда саусақтарды немесе планшеттік қаламды қолдануға болады.
Сенсорлы экрандағы қимылдарды өзгерту:
▲
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Перо и сенсорный ввод (Қалам жəне түрту) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір қимылдарға бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді.
Түрту (немесе басу)
Экранның бетіндегі элементтерді сенсорлы тақтаны немесе тінтуірді басқандай түртіңіз немесе
екі рет түртіңіз. Контекст мəзірін көру үшін сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігін басқандай
элементті түртіп, басып тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Саусақ тиіп тұрған жердің айналасында шеңбер пайда болғанша түртіп, саусақты
ұстап тұру керек, сонда контекст мəзірі пайда болады.
32 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










