Getting Started HP Laptop - Windows Vista and Windows 7
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде жад модулінің екі бөлімі бар. Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад
модулінің ұясына жад модулін қосу немесе басты жад модулі ұясындағы жад модулін ауыстыру
арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулі бірдей болу керек.
Негізгі жад модулін қосу немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің бұзылуын болдырмау үшін, келесі
əрекеттерді орындаңыз.
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді
өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Айнымалы ток қуатын жəне компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарыңыз.
4. Қатты диск қақпағындағы 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
5. Қатты дисктің қақпағын шешіңіз (2).
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру 41










