HP Color LaserJet Enterprise Flow MFP M880 - User's Guide

Факс параметрлерін орнату
Өнімде факс функциясының параметрлерін орнату қадамдары өнімнің аппараттық құралының
параметрлерін алғаш рет орнатып жатқаныңызға немесе аппараттық құралдың орнатылып
қойғанына қарай әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасындағы факс параметрлерін орнату шеберін пайдаланып
конфигурацияланған параметрлер НР ендірілген веб-серверінде жасалған кез келген параметрлерді
қайта анықтайды.
Өнім факс жабдығы орнатылған күйде бірінші рет қосылғанда
Өнімнің аппараттық құрал параметрлерін бастапқы орнатудан кейін
Өнім факс жабдығы орнатылған күйде бірінші рет қосылғанда
Өнім факс жабдығы орнатылған күйде бірінші рет қосылғанда, факс параметрлерін орнату шеберін
мына қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Initial Setup (Бастапқы параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup Wizard (Факс параметрлерін орнату шебері) мәзірін түртіңіз.
3. Міндетті параметрлерді реттеу үшін факс параметрлерін орнату шеберіндегі қадамдарды
орындаңыз.
4. Факс параметрлерін орнату шебері жұмысын аяқтағанда, негізгі экранда Initial Setup (Бастапқы
параметрлерді орнату) түймешігін жасыру опциясы пайда болады. Факс параметрлерін орнату
аяқталды.
ЕСКЕРТПЕ: Бірінші рет орнатқанда, факс жабдығы осы параметрлердің кейбіреулерін өнімнен
оқуы мүмкін, сондықтан, мән әлдеқашан орнатылған болуы мүмкін. Мәндердің дұрыс екенін
тексеріңіз.
Өнімнің аппараттық құрал параметрлерін бастапқы орнатудан кейін
Факс параметрлерін орнату шеберін бастапқы параметрлерді орнатудан кейін басқару тақтасы
арқылы мына қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) тармағына жылжып
барып, түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс жіберу параметрлері
Факс жіберу параметрлерін орнату (Настройка отправки факсов)
Fax Setup Wizard (Факс параметрлерін орнату шебері)
3. Міндетті параметрлерді реттеу үшін факс параметрлерін орнату шеберіндегі қадамдарды
орындаңыз. Факс параметрлерін орнату аяқталды.
90 7-тарау Факс KKWW