HP Color LaserJet Enterprise Flow MFP M880 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Егер өнімде баспа сапасына байланыста проблемалар болса, мәселелерді шешуді көрсететін
шешімдерді орындап көріңіз.
Егер өнімде сканер, факс немесе көшірме жасау сапасына байланысты проблемалар болса, келесі
шешімдерді орындап көріңіз және де алдағы шешімдер үшін «Сканер сапасын жақсарту», «Факс
сапасын жақсарту» немесе «Көшірме сапасын жақсарту» бөлімдерін қараңыз.
●
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
●
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеріңіз
●
Тонер картриджінің күйін тексеру
●
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Принтер барабанын көзбен қарап шығу
●
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
●
Басқа басып шығару тапсырмасының параметрлерін тексеру
●
Басқа принтер драйверін қолданып көру
●
Жеке науа туралануын орнату
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеріңіз
Қағаз түрінің параметрлерінде бағдарламадан басып шығарғанда жағылған жерлер, анық емес
немесе күңгірт басып шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер
немесе тонер сыртқа шыққан аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын басыңыз.
5. Type is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
7. Пайдаланыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
8. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
түртіңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 165










