HP Color LaserJet Enterprise Flow MFP M880 - User's Guide

Мөлшерлеу/тазалау
Сканерді калибрлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Next (Келесі) түймешігін түртіңіз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру әрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып шығарылған жерлер, оралған
қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа шыққан аймақтар бар болса, мына
қадамдарды орындаңыз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Trays (Науалар) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Параметрлері реттелетін науаның жолын түртіңіз де, Modify (Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
3. Опциялардың тізімдерінен қағаз өлшемі мен қағаз түрін таңдаңыз.
4. Таңдауыңызды сақтау үшін OK түймешігін түртіңіз.
Көшіру үшін пайдаланылатын науаны таңдау
1. Өнімнің басқару тақтасының Негізгі экранындағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Paper Selection (Қағаз таңдау) түймешігін басыңыз.
3. Пайдаланылатын қағаз орналасқан науаны таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін өнім әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Көшіру сапасын жақсарту үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасының Негізгі экранындағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Image Adjustment (Суретті реттеу) түймешігін басыңыз.
3. Жүгірткілерді Darkness (Күңгірттік) деңгейіне, Contrast (Контраст) деңгейіне, Sharpness
(Айқындық) деңгейіне және Background Cleanup (Фонды тазарту) деңгейіне реттеңіз. OK
түймешігін түртіңіз.
4. Бастау түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін өнім әдепкі параметрлерді
қайтарады.
174 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW