HP Color LaserJet Enterprise Flow MFP M880 - User's Guide

Сканерлеу/жіберу мүмкіндіктерін орнату
Өнім келесі сканерлеу және жіберу мүмкіндіктерін ұсынады:
Файлдарды сканерлеу және желідегі қалтаға сақтау.
Файлдарды сканерлеу және өнім жадына сақтау.
Файлдарды сканерлеу және USB флеш жадына сақтау.
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта мекенжайларына жіберу
Құжаттарды бір немесе бірнеше Microsoft® SharePoint® торабына сақтаңыз. Бұл мүмкіндікті тек
HP FutureSmart сканерлері мен HP Flow көп функциялы принтерлерінде қолдануға болады.
Кейбір сканерлеу және жіберу мүмкіндіктері өнімнің басқару тақтасында HP енгізілген веб-серверін
пайдаланып қосқанша, қол жетімді болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP енгізілген веб-серверін пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін әр
HP енгізілген веб-сервері бетінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама (Справка) сілтемесін
басыңыз.
1. НР ендірілген веб-сервері (EWS) қойындысын ашыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Network (Желі) түймешігін түрті, өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе өнімнің басқару
тақтасында көрсетілетіндей нақты хост атауын теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter
пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
2. Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) қойындысын басыңыз.
3. E-mail (Электрондық пошта) мүмкіндігін бағдарламаны орнату кезінде орнатпасаңыз, оны
HP енгізілген веб-серверін пайдалана отырып қосуға болады.
а. E-mail Setup (Электрондық пошта параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
ә. Мүмкіндікті қосу үшін Enable Send to E-mail (Электрондық поштаға жіберуді қосу)
құсбелгісін қойыңыз.
б. Пайдаланылатын шығыс пошта серверін таңдаңыз немесе тізімге басқа серверді қосу үшін
Add түймешігін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер пошта серверінің атауын білмесеңіз, әдетті оны электрондық пошта
бағдарламасын ашу және шығыс поштаның конфигурация параметрлерін қарап табуға
болады.
в. Address Message (Хабар мекенжайы) аймағында жіберуші мекенжайының әдепкі параметрін
реттеңіз. Басқа параметрлерді конфигурациялау міндетті емес.
г. Беттің төменгі жағындағы Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
4. Save to Network Folder Setup (Желілік қалтаға сақтау параметрлерін орнату) мүмкіндігін қосыңыз.
74 6-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW