HP Color LaserJet Enterprise Flow MFP M880 - User's Guide

Жылдам орнату жасау
Алдын ала орнатылған тапсырма опцияларын жылдам ашу үшін Quick Sets (Жылдам орнатулар)
мүмкіндігін пайдаланыңыз. Өнімнің әкімшісі басқару тақтасындағы негізгі экранда Quick Sets (Жылдам
орнатулар) мәзірінде пайдалануға болатын Жылдам орнатуларды жасау үшін HP ендірілген веб-
серверін пайдаланса болады. Quick Sets (Жылдам орнатулар) келесі сканерлеу/жіберу мүмкіндіктері
үшін қол жетімді:
Электрондық пошта
Желілік қалтаға сақтау
USB құрылғысына сақтау
SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
Жүйе әкімшісінен төмендегі қадамдар бойынша көмектесуін сұраңыз:
1. НР ендірілген веб-сервері (EWS) қойындысын ашыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Network (Желі) түймешігін түрті, өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе өнімнің басқару
тақтасында көрсетілетіндей нақты хост атауын теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter
пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
2. General (Жалпы) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигация аймағындағы Quick Sets Setup (Жылдам орнатулар параметрлерін орнату)
сілтемесін басыңыз.
4. Quick Sets (Жылдам орнатулар) тілқатысу терезесіндегі Add (Қосу) түймешігін түртіңіз.
5. Select an application (Қолданба таңдау) тілқатысу терезесінде Жылдам орнатуы жасалатын
қолданбаны таңдаңыз. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Set the button location for the Quick Set and options for user interaction at the control panel
(Жылдам орнату түймешігінің орналасқан жерін және басқару тақтасындағы пайдаланушының
өзара әрекеттесу опцияларын орнату) тілқатысу терезесінде төмендегідей ақпаратты енгізіңіз:
Quick Set Title (Жылдам орнату атауы): бұл атау өнімнің басқару тақтасындағы жаңа
Жылдам орнату түймешігінде көрсетіледі.
Quick Set Description (Жылдам орнату сипаттамасы): бұл қысқаша сипаттама өнімнің басқару
тақтасындағы жаңа Жылдам орнату түймешігіндегі атаудың жанында көрсетіледі.
Button Location (Түймешіктің орналасқан жері): жаңа Жылдам орнату түймешігі тікелей
негізгі экранда болуын немесе басқару тақтасындағы Жылдам орнатулар қолданбасының
ішінде болуын таңдаңыз.
Quick Set Start Option (Жылдам орнатуды іске қосу опциясы): мына опциялардың бірін
таңдаңыз:
Enter application, then user presses Start (Қолданбаға кіргеннен кейін пайдаланушы
Бастау түймешігін басады): тапсырманы бастау үшін Start (Бастау) түймешігін басар
76 6-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW