HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Mac OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді.
Мәзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, Finishing (Аяқтау) мәзірін басыңыз.
4. Media Type (Медиа түрі) ашылмалы тізімінен бір түрді таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Тонер картриджінің күйін тексеру
Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін тексеру және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1-қадам: Жабдықтар күйінің бетін басып шығару
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Supplies (Жабдықтар) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Барлық жабдық элементтерінің күйі экранда беріледі.
3. Жабдыққа қайта тапсырыс беру үшін барлық жабдық элементтерінің күйін, соның ішінде
түпнұсқа HP бөлшек нөмірін басып шығару немесе қарау үшін, Manage Supplies (Жабдықтар күйі)
түймешігін түртіңіз. Supplies Status (Жабдықтар күйі) түймешігін, содан кейін Print (Басып шығару)
немесе View (Қарау) түймешігін түртіңіз.
2-қадам: Жабдықтар күйін тексеру
1. Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін жабдықтар күйі есебін
қараңыз.
Басып шығару сапасының мәселелері шамаланған қызмет мерзімі аяқталатын тонер картриджін
пайдаланғанда орын алуы мүмкін. Жабдық күйінің беті жабдық күйінің өте төмен екенін
көрсетеді. HP жабдығы ең төменгі шегіне жеткенде, ол жабдыққа арналған HP бастапқы қорғау
кепілдігі аяқталады.
Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті
жоқ. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.
Тонер картриджін немесе басқа ауыстыруға болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерін
ауыстыру керектігін анықтасаңыз, жабдық күйінің беті түпнұсқа HP бөлігінің нөмірлерін
көрсетеді.
2. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.
Түпнұсқа HP тонер картриджінде «HP» немесе «HP» сөздері, не болмаса HP логотипі болады. HP
картридждерін анықтау туралы қосымша ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies
торабынан қараңыз.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын өнім функциясы болып табылады.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 129