HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Дұрыс түспеген түстер, түсті көлеңкелеу, бұлыңғыр графикалар немесе басқа баспа сапасы мәселелері
сияқты баспа сапасына байланысты проблемаларды шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі) түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Мөлшерлеу/тазалау
Толық мөлшерлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Start (Бастау) түймешігін түртіңіз.
Calibrating (Калибрлеу) хабары өнімнің басқару тақтасында көрсетіледі. Аяқтау үшін калибрлеу
процесі бірнеше минут уақыт алуы мүмкін. Калибрлеу үрдісі аяқталмайынша, өнімді
ажыратпаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару әрекетін қайталаңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесі барысында қағаз, тонер және шаң бөліктері өнімнің ішіне жиналуы мүмкін және
тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жабысу, жолақтар немесе қайталанатын белгілер сияқты
баспа сапасына байланысты мәселелер туындауы мүмкін.
Өнімнің қағаз жолын тазалау үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі) түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз.
2. Calibration/Cleaning (Калибрлеу/тазалау) опциясын түртіп, Cleaning Page (Тазалау беті) опциясын
түртіңіз де, бетті басып шығару үшін Print (Басып шығару) тармағын түртіңіз.
Өнімнің басқару тақтасында Cleaning (Тазалау) туралы хабар көрсетіледі. Осы калибрлеу бетінің
басылып шығу процесі екі минутты алады. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, өнімді ажыратпаңыз.
Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып тастаңыз.
Принтер барабанын көзбен қарап шығу
Әр принтер барабанын тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнен принтер барабанын шығарып алыңыз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Жасып принтер барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтер барабанын ұстамаңыз. Принтер барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Принтер барабанында кез келген сызық, саусақ іздері немесе басқа зақым болса, оны
ауыстырыңыз.
5. Принтер барабанын қайта орнатып, проблеманың шешілгеніне көз жеткізу үшін бірнеше бетті
басып шығарыңыз.
130 6-тарау Мәселелерді шешу KKWW