HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
1-қадам: HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Баспа сапасының ақаулықтарының кейбіреулері HP ерекшеліктеріне сай келмейтін қағазды
пайдаланудан туындайды.
Әрқашан құрал қолдау көрсететін қағаз түрін және салмағын қолданыңыз.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
Жылтыр сияқты металды материалды қамтымайтын қағазды пайдаланыңыз.
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.
2-қадам: Ортаны тексеру
Қоршаған орта баспа сапасына тікелей әсер етуі мүмкін және баспа сапасы немесе қағаз беру
мәселелері туындауы мүмкін. Төмендегі шешімдерді орындап көріңіз:
Ауа желдеткіштері немесе ашық терезелер не есіктер сияқты желдетілетін орындардан өнімді әрі
жылжытыңыз.
Өнімнің өнім спецификациясынан тыс температураларға не ылғалдыққа шығарылмағанын
тексеріңіз.
Өнімді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
Өнімді тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
Өнімнің желдеткіштерін блоктайтын кез келген затты алып тастаңыз. Өнім жоғарғы жағымен қоса
барлық жақтарында жақсы ауа ағынының болуын қажет етеді.
Өнімді ауадағы радиоактивті заттардан, шаңнан, будан, майдан немесе өнімнің ішінде қалдық
қалдыратын басқа элементтерден қорғаңыз.
Басқа басып шығару тапсырмасының параметрлерін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда басқа баспа драйверлерінің параметрлерін реттеу бойынша
мәселелерді шешіп жүрмес үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Басып шығарылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сәйкес келмесе немесе басып
шығарылған беттегі түс көңіліңізден шықпаса, мына қадамдарды орындаңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 131