HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
6. Түрлі түсті құжатты қара және сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Print in Grayscale (Сұр
түс шкаласында басып шығару) опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе
факс үшін басып шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа
көшірмелерін басып шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін пайдалануға болады.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
түртіңіз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім
немесе өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көру қажет болуы мүмкін.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз. АҚШ-та www.hp.com/
support/colorljM855 торабына өтіңіз. АҚШ-тан тыс жерлерде, www.hp.com/support торабына кіріңіз.
Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. Drivers & Software (Драйверлер мен бағдарламалық құралдар)
опциясын таңдаңыз. Өнім атын енгізіп, Search (Іздеу) опциясын таңдаңыз.
HP PCL 6 драйвері
Құралдың CD дискісіндегі әдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір драйвер
таңдамасаңыз, осы драйвер автоматты түрде орнатылады.
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім
мүмкіндігі қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп әзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап және бейімделген бағдарламалық
құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
Adobe
®
бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты көп
тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін ұсынылады
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе postscript флэш
қаріптерін қолдауды қамтамасыз етеді
KKWW Баспа сапасын жақсарту 133