HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Тонер картридждерін ауыстыру
Өнім төрт түсті пайдаланады және әр түс үшін әр түрлі тонер картриджі болады: қара (K), көк (C),
қызыл (M) және сары (Y). Сондай-ақ, өнімде тонер картридждерінен бөлек болатын төрт принтер
барабаны бар. Тонер картридждері принтер барабандарының жоғарғы жағында болады. Тонер
картридждері мен принтер барабандары алдыңғы есіктің ішінде болады. Тонер картриджі мен оған
байланысты принтер барабаны бір-бірінен бөлек орналасады.
Бұл өнім тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді. Нақты тонер картриджінің қалған жұмыс
мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес. Баспа сапасы төмен
болғанда ауыстырылатын баспа картриджін қарастырып қойыңыз
.
Келесі суретте тонер картриджінің құрамдас бөліктері көрсетілген.
1
2
1 Тонер картриджінің тұтқасы
2 Жад картасы
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киімге тиіп кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп, киімді суық сумен жуыңыз.
Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылған тонер картридждерін қайта пайдалану туралы ақпарат тонер
картриджінің қорабында беріледі.
38 3-тарау Бөліктер, жабдықтар мен аксессуарлар KKWW