HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Принтер барабандарын ауыстыру
Өнім төрт түсті пайдаланады және әр түс үшін әр түрлі принтер барабаны болады: қара (K), көк (C),
қызыл (M) және сары (Y). Сондай-ақ, өнімде принтер барабандарынан бөлек болатын төрт тонер
картриджі бар. Тонер картридждері принтер барабандарының жоғарғы жағында болады. Тонер
картридждері мен принтер барабандары алдыңғы есіктің ішінде болады. Тонер картриджі мен оған
байланысты принтер барабаны бір-бірінен бөлек орналасады.
Бұл өнім принтер барабандарының деңгейі төмен екенін көрсетеді. Нақты принтер барабанының
қалған жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Принтер барабанын әзірше ауыстыру қажет емес. Баспа
сапасы өте төмен деңгейге жеткенде
, алмастыратын принтер барабаны дайын тұру керек.
Келесі суретте принтер барабанының құрамдас бөліктері көрсетілген.
1
3
2
1 Принтер барабанының құрамдас бөліктері
2 Жад картасы
3 Жарыққа сезімтал барабан
ЕСКЕРТУ: Жарыққа сезімтал барабанды ұстамаңыз. Барабандағы саусақ іздерінен баспа ақаулары
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киімге тиіп кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп, киімді суық сумен жуыңыз.
Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылған принтер барабандарын қайта пайдалану туралы ақпарат принтер
барабанының қорабында беріледі.
KKWW Принтер барабандарын ауыстыру 41