HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Басып шығару жолы (Mac OS X)
Төмендегі процедурада Mac OS X үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да
, басып шығару параметрлерін реттеу үшін басқа мәзірлерді таңдаңыз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, Layout (Орналасу) мәзірін басыңыз.
4. Two-Sided (Екі жақты) ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) мәзірін басыңыз.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) жолын, содан кейін байластыру опциясын
таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
6. Өнімге өтіп, 1-науадағы қандай да бір бос парақтарды алып тастаңыз.
7. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып кіріс
науасына салыңыз.
8. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
56 4-тарау Басып шығару KKWW