HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, тапсырманы басып шығаратын адам
басқару тақтасында қажетті PIN кодын енгізуі керек.
5. Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Custom (Өзгертілмелі)
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса, қандай опция пайдаланылатынын таңдаңыз.
Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей
сан қосыңыз.
Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен
алмастырыңыз.
6. Егер 3-қадамда Stored Job (Сақталған тапсырма) немесе Personal Job (Жеке тапсырма)
параметрін таңдаған болсаңыз, тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. 4 сандық нөмірді Use
PIN to Print (Басып шығару үшін PIN кодын пайдалану) өрісіне енгізіңіз. Басқа адамдар осы
тапсырманы басып шығарғысы келгенде өнім осы PIN нөмірін енгізуге кеңес береді.
7. Тапсырманы өңдеу үшін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Сақталған тапсырманы басып шығару
Өнімнің жадында сақталған тапсырманы басып шығару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан
алу) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Тапсырма сақталған қалтаның атауын таңдаңыз.
3. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын
немесе құпия сөзді енгізіңіз.
4. Көшірмелер санын реттеңіз де, тапсырманы басып шығару үшін Бастау түймешігін түртіңіз.
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырманы өнімнің жадына жібергенде, өнім сондай пайдаланушы аты және тапсырма
атауы көрсетілген бұрынғы кез келген тапсырманы ауыстырады. Егер тапсырма сондай пайдаланушы
аты және тапсырма атаумен сақталып қойған болмаса және өнім қосымша орынды қажет етсе, өнім
басқа тапсырмалардың бірін ең ескісінен бастап жоюы мүмкін. Cақталатын тапсырмалар санын өнімнің
басқару тақтасындағы General Settings (Жалпы параметрлер) мәзірінен өзгертуге болады.
Өнімнің жадында сақталған тапсырманы жою шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан
алу) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Тапсырма сақталатын қалтаның атауын таңдаңыз.
3. Тапсырма атауын таңдаңыз да, Delete (Жою) түймешігін түртіңіз.
4. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіңіз де, Delete
(Жою) түймешігін түртіңіз.
KKWW Басып шығару тапсырмаларын өнімде сақтау 61