HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
USB портынан басып шығару
Бұл өнімде Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жіберместен жылдам басып шығара аласыз. Өнім өнімнің алдындағы USB портында
стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып шығаруға болады:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы
мәзірлерінен портты қосу үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
General Settings (Жалпы параметрлер)
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Enable (Қосу) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймешігін түртіңіз.
USB құжаттарын басып шығару
1. USB флеш-дискісін оңай ашылатын USB портына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: USB портының қақпағын ашу керек болуы мүмкін. Алу үшін әр қақпақты тік
тартыңыз.
2. Өнім USB флеш-дискісін анықтайды. Дискіге кіру үшін OK түймешігін түртіңіз немесе ескертілсе,
қол жетімді қолданбалар тізімінен Retrieve from USB (USB құрылғысынан алу) опциясын
таңдаңыз. Retrieve from USB (USB құрылғысынан алу) экраны ашылады.
3. Басылып шығатын құжаттың атауын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат қалтада болуы мүмкін. Қажетінше қалталарды ашыңыз.
4. Көшірмелер санын реттеу үшін, Copies (Көшірмелер) жолын түртіп, көшірмелер санын таңдау
үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
5. Құжатты басып шығару үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
KKWW USB портынан басып шығару 65