HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
HP енгізілген веб сервері
Енгізілген веб-серверді басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-сервері (EWS) желі брендмауэрінен тыс қол жетімді болмайды.
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Network (Желі) түймешігін түрті, өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе өнімнің басқару тақтасында
көрсетілетіндей нақты хост атауын теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғышыңыз келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
Windows: Microsoft Internet Explorer 5.01 немесе соңғы шыққаны немесе Netscape 6.2 немесе соңғы
шыққаны
Mac OS X: Bonjour немесе IP мекенжайын қолдану арқылы Safari немесе Firefox бағдарламалық
құралын қолдану
Linux: Тек Netscape Navigator
HP-UX 10 және HP-UX 11: Netscape Navigator 4.7
68 5-тарау Өнімді басқару KKWW