HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Қауіпсіздік мәлімделері
IP қауіпсіздігі
Өнімге кіру
Жүйе құпия сөзін орнату
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
Қауіпсіздік мәлімделері
Өніміңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және өнімді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
HP's қауіпсіздік кескін өңдеу және басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торап қауіпсіздік мүмкіндіктері жөніндегі ақ
беттерге және жиі қойылатын сұрақтар құжаттарына сілтемелерді береді.
IP қауіпсіздігі
IP қауіпсіздігі (IPsec) өнімнен шығатын және өнімге келетін IP негізделген желілік трафикті бақылайтын
протоколдар жиынтығы болып табылады. IPsec хостқа-хост танылуын, деректердің тұтастығын және
желілік байланыстардың шифрлеуін қамтамасыз етеді.
Желіге қосылған және HP Jetdirect басып шығару сервері бар өнімдерде IPsec параметрлерін
HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысын пайдаланып реттеуге болады.
Өнімге кіру
Өнімнің басқару тақтасындағы кейбір мүмкіндіктерді қорғауға болады, сонда рұқсат етілмеген
адамдар оларды пайдалана алмайды. Мүмкіндік қорғалған кезде, оны пайдалана алуыңыз алдында
өнім кіруді ұсынады. Сондай-ақ, негізгі экранда Sign In (Кіру) түймешігін түрту арқылы ұсынысты
күтпестен кіруге болады.
Әдетте, желідегі компьютерге кіру үшін пайдаланылатын пайдаланушы аты мен құпиясөз
пайдаланылады. Егер қай тіркелгі деректерін пайдалану керектігі туралы сұрақтарыңыз болса, осы
өнімнің желілік әкімшісіне хабарласыңыз.
Өнімге кіргеннен кейін басқару тақтасында Sign Out (Шығу) түймешігі көрсетіледі. Өнімнің қауіпсіздігін
сақтау үшін өнімді пайдалануды аяқтағанда, Sign Out (Шығу) түймешігін түртіңіз.
Жүйе құпия сөзін орнату
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін, өнімге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын веб браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген HP веб-серверін
ашыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
74 5-тарау Өнімді басқару KKWW