HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Өнімнің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж
деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low» (Картридж
деңгейі өте төмен) хабары көрсетіледі
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): өнім тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда,
орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет
емес.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): өнім тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы
жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі Өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картрижіне арналған
басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде өнім орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады.
Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Supplies (Жабдықтар) тармағына жылжып барып,
түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Жабдықтарды басқару
Жабдық параметрлері
Black Cartridge (Қара картридж) немесе Color Cartridges (Түсті картридждер)
Өте төмен параметрлер
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
Картридж Very Low (Өте төмен) мәніне жеткенде өнім басып шығаруды тоқтататын етіп
орнату үшін Stop (Тоқтату) опциясын таңдаңыз.
Картридж Very Low (Өте төмен) мәніне жеткенде өнім басып шығаруды тоқтататын етіп
орнату үшін Prompt to continue (Жалғастыру үшін сұрау) опциясын таңдаңыз. Басып
шығаруды жалғастыру үшін сұрауды растауға немесе картриджді ауыстыруға болады.
Өнімді картридж деңгейі өте төмен екені туралы ескертіп, Very Low (Өте төмен) параметрінен
асқанда араласусыз басып шығаруды жалғастыратын етіп орнату үшін Continue
(Жалғастыру) опциясын таңдаңыз. Бұл баспа сапасының нашар болуына алып келуі мүмкін.
Факс мүмкіндігі бар өнімдер үшін
Өнім Stop (Тоқтату) немесе Prompt to continue (Жалғастыру үшін сұрау) опциясына орнатылғанда, өнім
басып шығаруды жалғастырғанда факстар басып шығарылмауының біраз қаупі бар. Бұл өнім күтіп
тұрғанда, өнім жад сыйдыра алатыннан көбірек факс алғанда орын алады.
Тонер картриджі үшін Continue (Жалғастыру) опциясын таңдасаңыз, өнім Very Low (Өте төмен) шегінен
асқанда, факстарды үзіліссіз басып шығара алады, бірақ басып шығару сапасы нашарлауы мүмкін.
80 6-тарау Мәселелерді шешу KKWW