HP Color LaserJet Enterprise M855 - User's Guide

Table Of Contents
Кептелістерді жою
Кептелістерді жою үшін автожылжу
Автожылжу басқару тақтасында қадамдық нұсқауларды бере отырып, кептелістерді жоюға
көмектеседі. Қадамды аяқтағанда, өнім процедурадағы барлық қадамдарды аяқтағанша келесі
қадамды көрсетеді.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Trays (Науалар) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз. Науаның қағаз түріне және өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
84 6-тарау Мәселелерді шешу KKWW